Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide

Патенттік кооперация туралы шарттың (РСТ) мәселелері бойынша субрегионалдық семинар

11 қараша, 2015

2015 жылдың 5-6 қарашасында Әділет министрлігімен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен және ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК бірлесіп Патенттік кооперация туралы шартын пайдалануымен байланыстырылған мәселелерін қарастыру бойынша субрегионалдық семинар өткізілді.

Семинардың жұмысын кіріспе сөзімен ҚР Әділет министрінің орынбасарыӘзімоваЭльвира ашты.

Сонымен қатар Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының атынан семинар қатысушыларына ДЗМҰ Ауыспалы және дамыған экономикасы елдері департаменті Кавказ, Орта Азия және Шығыс Еуропа елдері бөлімінің басшысы Тлевлесова Сауле Январбековна сәлем берді.

Семинардың мақсаты дәстурлі патенттеу рәсімінен қарағанда Патенттік кооперация туралы шартының ерекшеліктерін (артықшылықтарын) талқылау болып табылды.

Семинардың қатысушылары «халықаралық» патенттік өтінім беру рәсімімен, оны қарау және халықаралық іздеуді жүргізу тәртібімен танысты. Семинар өнертабыстарды халықаралық тіркеу саласында білім арттыру мақсатында өткізілді.

Спикерлер - Тлевлесова Сауле Январбековна - ДЗМҰ Ауыспалы және дамыған экономикасы елдері департаменті Кавказ, Орта Азия және Шығыс Еуропа елдері бөлімінің басшысы, Кеничиро Натсуме - ДЗМҰ РСТ (РСТ/ICD) бойынша халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, Рогожин Дмитрий Юрьевич- формалды сараптау бөлімінің басшысы - Еуразиялық патенттік ұйымы сараптау басқармасы басшысының орынбасары.

Сонымен қатар келесі тақырыптарталқыланды: «ДЗМҰ қызметініңшолуы», «Патенттік кооперация

туралы шартына (РСТ) кіріспе»,«Халықаралық іздеу және«Халықаралық жариялау», «Патенттік кооперация туралы шарт пайдаланушының тәжірибесі», «Тағайындалған/таңдалған ұйым ретінде қызмет ету. Халықаралық іздеу тәжірибесі/Халықаралық алдын-ала сараптаудың органы», «РСТ үшін ақпараттық технологиялар және ақпарат көздері».

Қосымша мәлімделген өнертабыстың әлемдік жаңалығын анықтауүшін іздеу жүргізетін сарапшылары үшін практикалық сабақтар өткізілді.

Семинарға Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан патенттік ұйымдарының, мүдделі мемлекеттік органдарының және ұйымдарының, жоғары оқу орындарының өкілдері және патенттік сенім білдірілген өкілдері қатысты.

Семинар жұмысының нәтижелері бойынша қатысушылар лекторларға қызық дәрістер үшін алғыс білдірді.