Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жапония Патенттік ұйымы сарапшысының қатысуымен «Өнертабыстар бойынша заңнама, практика және патенттік сараптаудың әдістемесі» тақырыбына «ҰЗМИ» РМК сарапшылары үшін тренинг

23 қараша, 2015

2015 жылдың 12 қарашасында Астана қ. ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Жапония Патенттік ұйымы халықаралық ынтымақтастық басқармасы директорының орынбасары Иосук Матсубара мырзаның қатысуымен «Өнертабыстар бойынша заңнама, практика және патенттік сараптаудың әдістемесі» тақырыбына институттың сарапшылары үшін тренинг өткізілді.

Тренингтың мақсаты Жапонияның заңнамасы бойынша өнертабыстардың патенттік сараптау үдерісін, патенттік іздеуді жүргізу әдістемесін, жеделдетілген сараптауды жүргізудің ерекшеліктерін талдау, сонымен қатар Жапония Патенттік ұйымында патенттік сараптаудың сапасын қамтамасыз етуі.Талқылау ашық, сындарлы және жолдастық қалпында өтті.Кездесу нәтижесінде өнертабыстар бойынша патенттік сараптау мәселелерінде тәжірибе алмасуды және ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар 2015 жылдың 13 қарашасында сағат 10.00-де ҚР Әділет министрлігінің ғимаратында бейнеконференция форматында семинар өтті. Осы семинарға ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаменті директорының орынбасары Сүімбаева Жанна Серікқызы, «ҰЗМИ» РМК басқармаларының басшылары және сарапшылары, соынмен қатар Қазақстан темір жолы ғылыми-техникалық бөлімінің басшысы Абдумамынов Нүрлан Оспанович, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті ақпараттық-патенттік жұмысы қызметінің басшысыДосанова Анара Ергалиевна, Қазақстан Республикасы Ғылыми биотехнология орталығы патенттік-ақпараттық жұмысы бөлімінің басшысы Жумабекова Марал Бапановна, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, патент жүргізушісі Сауганбаев Арман Умиралыевич қатысты.Талқылау ашық, сындарлы және жолдастық қалпында өтті.Кездесулердің нәтижесінде өнертабыстар бойынша патенттік сараптау мәселелерінде тәжірибе алмасуды және ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылданды.