Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Алматы қ. «ҰЗМИ» РМК «Ашық есік күнінің» нәтижелері

25 желтоқсан, 2015

2015 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалында (бұдан әрі – «ҰЗМИ» РМК) «Ашық есік күні» өтті.Аталған шарада филиал директоры З.О. Орынбекова құттықтау сөзінде «Ашық есік күні» дәстүрге сәйкес Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілетінін атап өтті. Сондай-ақ өз сөзінде «ҰЗМИ» РМК филиалының қызметі туралы баяндады.

Шара қонақтарына ҚР Әділет министрілігінің VII Астана экономикалық форумы шеңберінде өткізген шаралары, сонымен қатар «Шапағат» Республикалық өнертапқыштық саласындағы жетістіктер байқауы және «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген өнертапқышы» атағын беру туралы бейнеролик көрсетілді.Шара қонақтары барлық тақырыптарға өз қызығушылықтарын танытты. Қонақтар арасында Алматы қ. Әділет департаментінің, "Инфекцияға қарсы препараттар орталығы" АҚ, СКТБ «Гранит» ЖШС, «ПаНика» ЖШС, «Гедеон Рихтер» ААҚ, «Интеллект Партнерс» ЖШС, «Софарма» ЖШС, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері болды.