Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері. Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, бағалау және пайдалану тақырыбында оқыту семинары

25 желтоқсан, 2015

2015 жылдың 21 желтоқсанында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалында (бұдан әрі – «ҰЗМИ» РМК) «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері. Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, бағалау және пайдалану. «ҰЗМИ» РМК-да көрсетілетін электрондық қызметтер» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.Оқу семинарын құттықтау сөзімен филиал директоры З.О. Орынбекова ашты.Лекторлар ретінде «ҰЗМИ» РМК қызметкерлері мен шет ұйымдардан шақыртылған лекторлар сөз сөйледі, олар:«ҰЗМИ» РМК филиалының Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы Л.Г.Джаманшалова, «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан

Республикасының территориясында заңды күші бар халықаралық конвенциялар (шарттар, келісімдер) мен ҚР заңнамалық актілері» және «Қазақстан Республикасының Патенттік заңындағы өзгерістерге сәйкес өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу» баяндамаларымен;Алматы қ. Әділет департаментінің өкілі Ж.А.Юсупов, «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау саласындағы Алматы қ. Әділет департаментінің қызметі туралы» баяндамасымен; «ҰЗМИ» РМК-ң Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстар басқармасының басшысы (Астана қ.) А.И.Ашенова, «ҰЗМИ» РМК көрсететін электрондық қызметтер» дәрісімен;Зияткерлік меншік құқығының магистрі (Турин/ ДЗМҰ академиясы), «Legalmax» халықаралық заң фирмасының серіктесі Ж.Арипов, «Авторлық құқық. Сабақтас құқықтар» дәрісімен;«Интеллект Партнерс» ЖШС директоры В.Д.Надточий, «Зияткерлік меншік объектілерін бағалау» және «Қазақстанда Республикасында туындыларды сақтауға берудің құқықтық аспектілері» дәрістерімен.Шара соңында тыңдаушылар оқу семинарын ұйымдастырған «ҰЗМИ» РМК филиалына зор алғыстарын білдірді.