Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

ҚР Әділет министрлігінде Өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің «Шапағат» республикалық конкурсының басталуына арналған баспасөз-мәслихаты өтті

19 қаңтар, 2016

2016 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің «Шапағат» республикалық конкурсының басталуына арналған баспасөз-мәслихаты өтті. Бұл Конкурсты Әділет министрлігі мен Ұлттық зияткерлік меншік институты өткізеді.Баспасөз мәслихатына Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Абзал Естаев пен Ұлттық зияткерлік меншік институтының директоры Сырым Бекенов қатысты.

«Шапағат» республикалық конкурс 2004 жылдан бастап өнертапқыштық қызметті насихаттау және қолдау, жұртшылықтың өнертапқыштық қызмет туралы хабардарлық деңгейін арттыру, келешегі мол өнертабыстарды алға жылжыту үшін көмек көрсету мақсатында өткізіледі.

Конкурс 4 номинация бойынша өткізіледі: «Жыл өнертабысы», «Өнертапқыш әйел», «Ең жас өнертапқыш» (16-29 жас), «Жас дарын» (16 жасқа дейін).

Өтініштерді іріктеу мына өлшемдер бойынша жүзеге асырылады: әлеуметтік маңыздылығы, экономикалық маңыздылығы, бәсекелестікке қабілеттілігі, экологиялық қауіпсіздігі.

«Жыл өнертабысы» номинациясында «Химия», «Медицина», «Ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу», «Байланыс және коммуникация», «Мұнай-газ және тау-кен саласы» салалар бойынша заңды және жеке тұлғалардан тең арақатынаспен өтінімдерді іріктеу жүзеге асырылады.

Жаңа Қағидаларға сәйкес Конкурсқа 2015 жылы берілген және жарияланған патенттері бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

«Жас дарын» номинациясында 16 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасынан үміткерлер іріктеп алынады. Осы номинацияда патенпен қорғалмаған ғылыми жұмыстар да қатыса алады.

«Ең жас өнертапқыш» номинациясында 16 дан 29 жасқа дейінгі өнертапқыштар қатыса алады.

Одан басқа Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру жөнінде конкурс өткізеді, онда неғұрлым маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру моральдық ынталандырулардың бірі, азаматтардың жемісті шығармашылық қызметін тану болып табылады және олардың инновациялық белсенділігін арттыру мен өнертапқыштардың Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуына қосатын үлестерін қолдауға арналған.

«Шапағат» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру туралы дипломдар мен есте қаларлық ленталарды тапсыру астана қаласында 2016 жылғы 26 сәуірде, осы күні бүкіл әлем атап өтетін жыл сайынғы Халықаралық зияткерлік меншік күні аясында өтеді.