Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру жөніндегі конкурстық комиссиясы отырысының Баспасөз-релизі

07 сәуір, 2016

2016 жылдың 5 сәуірінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өткізілді.
Конкурс азматтардың инновациялық белсенділігін арттыруға, Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуында олардың күш-жігерін ынталандыруға шақырады.
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағы ең маңызды және кең қолданылатын өнертабыстардың авторлары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары арасында өткізілетін конкурс нәтижесі бойынша тағайындалады.
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын берудегі іріктеу критерийлері әлеуметтік және экономикалық маңыздылығы, келешектілігі, бәсекеге қабілеттілігі, экологиялық қауіпсіздігі болып табылады.
Конкурстық комиссияның жұмысына мемлекеттік органдардың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Конкурстық комиссияның отырысында атақ алуға 14 өтінім қарастырылды.
Конкурстық комиссия ұсынылған өтініштерді және олардың материалдарын алдын-ала талдап және қарап, ашық дауыс беру әдісі арқылы және рейтингтік бағалау нәтижесінде 2 үміткерді (Пралиев К.Д., Нукешев С.О.) таңдап алды.
Аталған конкурс алғашқы рет 2013 жылы өткізіліп, нәтижесі бойынша 6 кандидатқа атақ тағайындалған, 2014 жылы 7 кандидатқа, 2015 жылы 3 кандидатқа тағайындалған болатын.
А.ж. 26 сәуірде конкурс жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау өткізіледі.