2016 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Дүниежүзілік өнертапқыш-әйелдер және кәсіпкер ассоциациясымен және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетімен бірлесіп «Оқушылардың креативті ойлауын дамыту» тақырыбына «Үміт жобасы - 2016» оқу семинарын өткізді.
Семинар 26 сәуір - Халықаралық зияткерлік меншік күніне арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылып отыр. Семинардың мақсаты – мектеп оқушылары арасында креативті ойлауын дамыту, Корея Республикасының мектептерде өнертапқыштықты оқыту жөнінде тәжірибесімен таныстыру. Семинар қатысушылары: мектеп мұғалімдері, педагогикалық факультеттерінің студенттері, мүдделі тұлғалар.
Семинарда құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Эльвира Әбілхасымқызы Әзімова, Еуразиялық патенттік ұйымының президенті Сәуле Январбековна Тлевлесова, Дүниежүзілік өнертапқыш кәсіпкер әйелдер ассоциациясының президенті Хан Ми Енг ханым, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің басшылығы сөз сөйледі.
Хо Кин Чанг мырза, Posung (Корея Республикасы) Жоғары мектебінің жаратылыстану ғылымдарының оқытушысы, семинарда «Кореядағы өнертапқыiтық білім беру» дәрісімен сөз сөйледі.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат берілді.
Сапар барысында, Дүниежүзілік өнертапқыш кәсіпкер әйелдер ассоциациясының президенті Хан Ми Енг Корея халықаралық жастар олимпиадасының өткізу туралы айтты (2016 жылғы 8-10 тамызда, Кванджу қ., Корея Республикасы), осы олимпиада өздерінің өнертабыстары үшін түрлі марапаттарға ие болған жоғары сынып оқушылары және студенттер үшін ашық болып табылады.