2016 жылғы 26 сәуірде Халықаралық зияткерлік меншік күніне орай Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Ұлттық зияткерлік меншік институтының ұйымдастыруымен Республикалық «Шапағат - 2016» өнертапқыштық саласындағы жетістіктер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Рәсімдеу салтанатына ҚР Әділет министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР инвестиция және даму министрлігінің басшылығы, Тлевлесова Сәуле Январбекқызы, Еуразиялық патенттік ұйымның президенті, Ми Енг Хан, Дүниежүзілік өнертапқыш және кәсіпкер әйелдер Ассоциациясының президенті, патенттік сенім өкілдері және басқа да мүдделі ұйымдар қатысты.
Марапаттау мына номинациялар бойынша өткізілді:
-Жыл өнертабысы;
-Өнертапқыш-әйел;
-Ең жас өнертапқыш (16-29 жас аралығы);
-Жас дарын (16 жасқа дейін).
«Жыл өнертабысы» номинациясы бойынша:
- химия саласында - «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ «Водный литий-ионный аккумулятор» өнертабысы үшін;
- медицина саласында - жоғары санаттағы дәрігер-невропатолог Имамов Зафар Гарафиддинович «Аппарат для тракционного метода лечения заболевания позвоночника на фоне паровой релаксации» өнертабысы үшін;
- байланыс және коммуникация саласында - Кадыров Жаннат Нургалиевич «Устройство уменьшения влияния кавитации при движении торпеды» өнертабысы үшін;
- мұнай газ және тау кен қазу өнеркәсібі саласында – «ҒӨО Алмас» ЖШС «Способ проведения системы многозабойных скважин» өнертабысы үшін;
- ауылшаруашылық, ауылшаруашылық өнімді өңдеу саласында «Научно-производственное объединение «Антиген» ғылыми өндірістік бірлестік» ЖШС «Способ получения трипаносомозного антигена» өнертабысы үшін жеңімпаз атанды.
«Өнертапқыш әйел» номинациясында:
- ҚР Ауылшаруашылық академиясының академигі, т.ғ.д. , профессор Алимарданова Мариям Калабаевна жеңімпаз атанды.
«Жас дарын» номинациясында:
- Павлодар қ. Дарынды балаларға арналған көп салалы лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Тулеубаев Ернур жеңімпаз атанды.
«Ең жас өнертапқыш» номинациясында:
- С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оқытушысы, PhD докторы Тургумбаева Акнур Аманбековна жеңімпаз атанды.
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағына:
- Т.ғ.д., профессор, академик Пралиев Калдыбай Джайловович;
- Т.ғ.д., профессор, ҚР Ауылшаруашылық академиясының академигі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Нукешев Саяхат Оразович атағына ие болды.
Соңғы жылдары байқау шеңберінде Еуразиялық патенттік ұйымы қазақстандық өнертапқыштарды марапатымен марапаттап келеді. Осы жылы В.И.Блинников атындағы алтын медальді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет иеленді. Еуразиялық патенттік ұйымының Президенті Тлевлесова Сәуле Январбекқызы медальді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Сомжүрек Баубек Жұмашұлына табыстады.
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) да соңғы жылдары қазақстандық новаторларды атап өтуде. 2016 жылы ДЗМҰ-ның «Өнертабыс үшін» медалі «ҚР минеральді шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-ға, ал «Үздік өнертапқыш-оқушы» ДЗМҰ олжасы «Smart үй» ғылыми жобасы үшін Ахмет Алинаға, Шымкент қаласының химия-биологиялық бағыттағы «Назарбаев зияткерлік мектептері»-нің оқушысына берілді.
Сонымен қатар, байқау қатысушыларына «Инновациялық дамуға үлесі үшін» Шапағат дипломдары табысталды. Байқау нәтижесінде дипломдар келесілерге табысталды:
- Сусанов Юрий Асланович – патент бойынша «Солнечная батарея «YURASUS» өнертабысының авторы;
- Абугалиев Кабылбек Ризабекович – медицина ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының» хирургия бөлімшесінің меңгерушісі;
- Ким Борис Николаевич – «СКК-Проект» ЖШС-ның техникалық директоры;
- Мендыбаев Рафаиль Ганиевич – химия ғылымдарының кандидаты, «Мұнай және газ Атырау институтының» аға ғылыми қызметкері;
- Абугалиева Айгүл Ізтілеуовна – биология ғылымының докторы, профессор, «ҚЕӨШҒЗИ»-ның ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы және биохимия зертханасының меңгерушісі.
Осы жылы байқау комиссиясы «Демеушіден диплом» атты қосымша номинация бекітті. Бас демеуші «АйсМастер-Айскрим» компаниясының номинациясында Рахмадиева Слукен Бигалиевна, химия ғылымдарының докторы, ЕҰУ-нің химия кафедрасының профессоры, «Биоорганикалық химия ҒЗИ»-ның директоры, ал «Казцинк холдинг» ЖШС демеушісінің номинациясына Қызылорда қаласының дарынды балаларға арналған №4 интернат-мектебінің оқушылары Амангелдиев Асхат Серикұлы және Алиханова Алтынай ие болды.
Сонымен қатар, өнертапқыштық қызметті насихаттау және қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Ұлттық зияткерлік меншік институтының ұйымдастыруымен журналистер арасында «Сөз зияткерлік меншікті қорғауда» және оқушылар арасында «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та, жасампаз бол» тақырыбында жарыстар өткізілді. «Шапағат - 2016» байқауының жеңімпаздарын рәсімдеу салтанаты кезінде жоғарыда аталған конкурстардың да жеңімпаздары марапатталды.
Журналистер арасындағы «Сөз зияткерлік меншікті қорғауда» байқауының жеңімпаздары:
І орын – Семенова Ольга, Астана қ., «Казахстанская правда» газетінің журналисті, «От книг и фильмов до марок и брендов» мақаласы үшін;
ІІ орын – Досыбай Нұрлыбек, Астана қ., «BAQ.kz» АА журналисті, «Үнді ғалымдарының ұрлығына қатысты министрлік өкілі үн қатты» мақаласы үшін;
ІІІ орын – Корецкая Татьяна, Шымкент қ., «Южный Казахстан» облыстық қоғамдық саяси газетінің журналисті, «Защита правообладателя работает на международный имидж страны» мақаласы үшін.
Оқушылар арасында «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та, жасампаз бол» тақырыбындағы конкурстың жеңімпаздары:
І орын – Нұржанов Айсұлтан., Орал қ., физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалдық мектебі оқушысы «Кибернож -спасение для миллионов» шығармасы үшін;
ІІ орын – Болат Марғұлан, Астана қ., «Нұр Орда» казақ-түрік лицейі «Менің жақсы көретін өнертабысым және ол адамзатқа не береді» атты шығармасы үшін;
ІІІ орын – Қожабекова София, Талдықорған қ., физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалдық мектеп оқушысы «Мое любимое изобретение и что оно дало человечеству» тақырыбындағы шығарма үшін марапатталды.