Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

2016 жылдың 18 сәуірінде Халықаралық зияткерлік меншік күні қарсаңында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалында «Ашық есік күні» өтті.

28 сәуір, 2016
Аталған шарада филиал директоры З.О. Орынбекова өзінің құттықтау сөзінде қатысушыларды келе жатқан Халықаралық зияткерлік меншік күнімен құттықтап, «ҰЗМИ» РМК филиалының қызметі жайында баяндап, өнертапқыштар мен жаңашылдарға алдағы уақытта шығармашылық жолдарында сәттілік тіледі.
Өнертапқыштар саласында жетістіктердің Республикалық «Шапағат» байқауы туралы; Қазақстан Республикасының Патенттік заңындағы өзгерістерге сәйкес өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу жайында; тауар таңбаларын Қазақстан Республикасында және Еуразиялық экономикалық одағында (ЕАЭО) тіркеу туралы; қорғау құжаттарын алуға өтінімдерді электронды түрде беру турасында «ҰЗМИ» РМК филиалының басқарма басшылары мен сарапшылары сөз етті.
Қонақтар шарада қозғалған барлық тақырыптарға өз қызығушылықтарын білдірді. Қатысушылар арасында «Оқушылар сарайы» МКҚК, «Synergy Partners» заң фирмасының, «Deloitte Legal» ЖШС-ң, «Empire Group» ЖШС-ң, «Айфельд» ЖК-ң, «Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ-ң, ҚазҰАУ-ң өкілдері болды.