2016 жылдың 31 мамырында «Ұлттық зияткерлік меншік инстититуты» РМК Алматы қ. филилалының Оқу орталағы «Қазақ қатынас жолдары университетінде» «Патенттік заңдағы өзгерістерге сәйкес өнертабыс пен пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектілері ретінде. «Шапағат» байқауы туралы» тақырыбында көшпелі семинар өткізді. Бекітілген семинар бағдарламасына сәйкес келесідей дәрістер оқылды: Л.Г. Джаманшалова: «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының территориясында заңды күші бар халықаралық конвенциялар (шарттар, келісімдер) мен ҚР заңнамалық актілері, ҚР Патенттік заңындағы өзгерістерге сәйкес өнертабыс және пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектілері ретінде» және Ә.А. Әбділданова: «Қазақстан Республикасында өнертапқыштық пен инновацияны ынталандыру (өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің «Шапағат» Республикалық байқауы жайында)». Семинар тыңдаушылары - «Қазақ қатынас жолдары университетінің» профессорлық-оқытушылық құрамы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алды. Лекторлар университет оқытушылары рәсімдеген ҚР қорғау құжаты бойынша консультация берді. Семинар аяқталған соң Оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры А.А. Шалкаров семинарды ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, алдағы уақытта да ынтақтастыққа ниет білдірді.