Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

«Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілері. Өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту семинары

15 шілде, 2016
2016 жылдың 24 маусымында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығында «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілері. Өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту семинарын өтті.
Семинар өнеркәсіптік меншік «өнертабыс» және «пайдалы модель» сияқты объектілері бойынша нақты әрі толық ақпарат алуға қызығушылық танытқан тыңдаушыларға арналды. Лекторлар – «ҰЗМИ» РМК филилалның қызметкерлері келесідей тақырыптар бойынша дәрістер оқыды: «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының территориясында заңды күші бар халықаралық конвенциялар (шарттар, келісімдер) мен ҚР заңнамалық актілері» (Л.Г. Джаманшалова); «Өнертабыс мен пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектілері ретінде. Өнертабыс пен пайдалы модельдің патентке қабілеттілік талаптары. Өнертабыс пен пайдалы модельдер объектілері. Сараптама жүйесі. Өтінімге формальді сараптама жүргізу. Мәні бойынша сараптама жүргізу» (Ә.А. Әбділданова); «Патенттік құжаттама және ақпарат (өнертабыс пен пайдалы модельге қатысты библиографиялық деректерді анықтауға қажет ИНИД халықаралық кодтары). Халықаралық патенттік классификация. Құрылымы, құрылу принципі» (А.Қ. Амантаева); «Өнертабыс пен пайдалы модельге патент алуға өтінім беру. Беру тәртібі, өтінім құжаттарының тізімі, өтінім құжаттарын рәсімдеуге қойылатын талаптар» (Л.А. Панова); «Өнертабыс пен пайдалы модель сипаттамасына қойылатын талаптар. Өнертабыс пен пайдалы модель формуласы және оның мақсаты. Өнертабыс пен пайдалы модельге формула құрудың және «құрылғы», «тәсіл», «заттек» сипаттамасын жасаудың ерекшеліктері» (Г.Ұ. Жакитова); «Патенттік- ақпараттық іздец жүргізу. Іздеу жүргізудің әдістері. Ақпарат көздері. ҚР деректер базасында іздеу жүргізу. Шетелдік және салалық деректер базаларында іздеу жүргізу» (Ш.Ж. Әлімбеков).
Тыңдаушылар арасында М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің, «ҚР-ң минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-ң, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің, «Қазақ Медициналық Үздіксіз Білім Беру Университеті» АҚ-ң, «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университет»і РМК-ң, Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығының, «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ-ң, «Т.Жүргенев атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы» РММ, «Тагбергенова и партнеры» агенттігінің, «PatentRoom» ЖШС-ң, «Компания ОБИС» ЖШС-ң өкілдері мен жеке түлғалар болды.Тыңдаушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, лекторлардан оларға толық жауаптар алды. Шара аяқталған соң қатысушылар толық ақпарат берген семинар ұйымдастырушыларына алғыстарын айтып, алдағы уақытта да жемісті ынтымақтастыққа ниет білдірді.