Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

2016 жылдың 22 шілдесінде Алматы қ. «ҰЗМИ» РМК Оқу орталығы оқыту семинарын өткізеді

15 шілде, 2016
2016 жылдың 22 шілдесінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ұлттық зияткерлік меншік инситутының Алматы қ. филиалының Оқу орталығы «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР-ң заңнамалық актілері. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды беру. Өнеркәсіптік үлгілер мен тауар таңбаларын құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту семинарын өткізеді.
Семинарда тақырыбы шағын және орта бизнес өкілдеріне бағытталған, әрі өнеркәсіптік меншіктің өнеркәсіптік үлгі, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлер атаулары сияқты объектілерін қамтиды. Семинарда зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР-ң заңнамалық актілері; өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды беру; тауар таңбаларын, тауар шығарылған жерлер атауларын, өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау және пайдалану тақырыптары қарастырылады.
Дәрістерді «ҰЗМИ» РМК филиалының тәжірибелі қызметкерлері оқиды.
Семинар аяқталған соң филиал мамандары семинар барысында қозғалған, объектілерді құқықтық қорғау мәселелері және «ҰЗМИ» РМК көрсететін электронды қызметтер бойынша консультация беретін болады.
Семинардың басталу уақыты 2016 жылдың 22 шілде, сағат 10.00-де.
Семинарға қатысу тегін.
Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды семинарға шақырамыз.
Семинар өтетін жер: 050002, Алматы қ-сы, Мүслім және Ришат Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы), «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы.
Семинарға қатысу өтінімін жоғарыда көрсетілген адрес бойынша немесе 8(727) 397-73-76 факсі арқылы, немесе edu.center@kazpatent.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Семинар бағдарламасы
Өтінім