Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Бүкіл әлемде 2015 жылы ЗМ объектілерін тіркеуге өтінімдер саны

16 шілде, 2016
Бүкіл әлемде 2015 жылы ЗМ объектілерін тіркеуге өтінімдер саны
Америка құрама штаттары (АҚШ) ДЗМҰ арқылы патенттерге берілген халықаралық өтінімдердің шыққан елі ретінде олар көптен бері алып отырған алдыңғы орнын сақтап отыр. Патенттік кооперация туралы ДЗМҰ шарты (РСТ) аясында 2015 жылы патенттерге берілген халықаралық өтінімдердің саны 1,7%, 218000дейін өсті, бұл жаңа рекорд болды. АҚШ-та тұратын жаңашылдар бір жылда беретін патентке халықаралық өтінімдер бойынша алдыңғы қатарда келеді. Алайда, аталған жалпы өсім Қытайдағы жаңашылдар арасындағы патенттік қызметтің айтарлықтай нығаюымен байланысты.
Одан басқа АҚШ ДЗМҰ Мадрид жүйесі аясында тауар таңбаларына берілген халықаралық өтінімдер саны бойынша елдер тізімін бастайды және тез дамып келе жатқан өнеркәсіптік үлгілерге арналған жаһандық жүйе, атап айтқанда, олар жақында Жапониямен және Корея Республикасымен бірге қосылған ДЗМҰ әкімшілік ететін Гаага жүйесі аясында өз орнын нығайтуды жалғастыруда.
«Зияткерлік меншік объектілеріне, мысалы, патентке, тауарт таңбаларына және өнеркәсіптік үлгілерге бүкіл әлемде берілген өтінімдер инновациялардың қарқындылығының жақсы көрсеткіші болып табылады, - деп ДЗМҰ Бас директоры Фрэнсис Гарри мәлімдеген. - Бұл көрсеткіш АҚШ бұрыңғыдай алдыңғы қатардағы орындарды алып отырғанда, инновация географиясы өзгеруде және Азия елдері, атап айтқанда Жапония, Қытай және Корея Республикасы географиялық басым торапты қалыптастыруда».
PCT жүйесі – патенттерге халықаралық өтінімдер
Патентерге 57385 халықаралық өтінім берілген АҚШ, 2015 жылы өтінімдер саны, АҚШ патенттік жүйесінің өзгеруіне байланысты болар, 2014 жылы әдеттен тыс өте арта түскеннен кейін, 6,7% азаюына қарамастан, РСТ жүйесінің ең ірі пайдаланушысы болып отыр.
АҚШ-тан кейін Жапония (PCT рәсімі бойынша 44235 өтінім) және Қытай (29846өтінім) тұр. Өтінімдердің жалпы санының негізгі өсуі Қытайға, Жапонияға және Корея Республикасына тиесілі. Осылайша, 2005 жылдан бастап PCT рәсімі бойынша берілген өтінімдердің жалпы санында Азия елдерінің үлесі екі еседен артық өсті және осы кезде 43% жетіп отыр.
Өтінімдердің шығуы бойынша 15 алдыңғы қатардағы елдер арасында айтарлықтай өсім Қытайда (+16.8%), Корея Республикасында (+11.5%), Израильде (+7.4%), Швейцарияда (+4.4%), Жапонияда (+4.4%) және Нидерландта (+3.6%) байқалады. АҚШ-тағы жағдайға ұқсас, алдыңғы жылғы көрсеткіштерге қарағанда өтінімдер саны Финляндияда (-12.1%) және Канадада (-7.2%) қысқарған.
РСТ рәсімі бойынша алдыңғы қатардағы өтінім берушілер
2015 жылы РСТ рәсімі бойынша алдыңғы қатардағы өтінім берушілер тізімін телекоммуникациялық компаниялар бастаған және оны екі жыл бойы Huawei Technologies компаниясы, 2014 жылмен салыстырғанда 456 өтінімге артық 3898жарияланған өтінімдермен бастаған.
2015 жылы АҚШта орналасқан Qualcomm Incorporated компаниясы 2442 жарияланған өтінімдермен екінші орында, ал бұл ретте ZTECorporation қытай компаниясы РСТ рәсімі бойынша 2155 өтініммен үшінші орынға шықты.
Білім мекемелері арасында алдыңғы қатардағы он өтінім берушілер қатарына АҚШ-тың сегіз университтері кірді. Тізімде бірінші болып 361 жарияланған өтініммен Калифорния университеті, одан кейін Массачусетс технологиялық университеті (213өтінім), Джона Хопкинс Университеті (170өтінім), Техас университеттері жүйесі (163өтінім) және Гарвард университеті (158өтінім) тұр. Сегізінші орында Циньхуа университеті (Қытай), одан кейін Токио Университеті (Жапония)..
РСТ рәсімі бойынша өтінімдер техника салалары бойынша
16 385 жарияланған өтінімдерге – немесе олардың жалпы санының ең көп үлесі 8,2% – РСТ рәсімі бойынша өтінімдерге келеді, одан соң цифрлік байланыс (8%), электрондық жабдықтар (7,3%) және медициналық техника (6,3%) салалары.
Компьютерлік техника саласында Hewlett-Packard Development Company, ең ірі өтінім беруші болып табылады, одан кейін Huawei Technologies и Qualcomm компаниясы жүреді. Сандық байланыс саласында ең ірісі Huawei Technologies, ZTE және Qualcomm болған. Элетрондық жабдықтарға келсек, ең көп өтінімді Mitsubishi Electric Corporation жапониялық компания берген, одан кейін басқа екі жапониялық компания Panasonic Intellectual Property Management және Toyota Jidosha келеді. Медициналық техника саласында өтінімдердің ең көп үлесі Philips Electronics Нидерланд компаниясына, Olympus Corporation Жапония компаниясына және Ethicon Endo-Surgery Inc американ компаниясына тиесілі .
Мадрид жүйесі – тауар таңбаларына халықаралық өтінімдер
ДЗМҰ әкімшілік ететін Мадрид жүйесі аясында тауар таңбаларына берілген халықаралық өтінімдер саны 2015 жылы 2,9% өсіп, 49273 өтініммен рекордтық деңгейге жетті. Өсімнің 90% АҚШ пен Австралияның үлесін құрады.
Өтінімдер шыққан 10 алдыңғы қатарлы елдердің ішінде 2015 жылы екі санды өсу қарқыны Австралияда (+32,3%) және АҚШ-та (+11,3%) байқалады, ал Қытай (+7,9%) және Жапония (+6%) сондай жоғары өсімге қол жеткізді. Керісінше, өсу қарқыны Біріккен қорольдікте (-7,3%), Нидерландта (-6,8%) және Швейцариияда (-3%) төмендеді. Испания, Түркия және Австрия Мадрид жүйесінің ірі пайдаланушылары болып табылады.
Novartis AG Швейцария фармацевтикалық компаниясы 2015 жылы 197 өтініммен алдыңғы қатарлы өтінім берушілердің тізімін басқарады, одан кейін германиядағы ұсақ сауда фирмасы LIDL (152 өтінім) және француз компаниясы L’Oréal (130өтінім). 2015 жылы елу алдыңғы қатарлы өтінім берушілер арасында ең көп өсімді тағы бір фармацевтикалық фирма Richter Gedeon Nyrt (+104өтінім) венгр компаниясы көрсетті.
Халықаралық тіркеуде көрсеткіштер саны бойынша Қытай (24849 көрсеткіш), АҚШ (21996көрсеткіш) және Еуропа одағы (21721көрсеткіш) үш көшбасшы болып табылады. Ең жиі көрсетілетін 10 елдің ішіне жақында ғана Мадрид жүйесіне мүше болған Индия және Мексика кіреді.
Гаага жүйесі – өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдер
2015 жылы ДЗМҰ Гаага жүйесі аясында өнеркәсіптік үлгілерге берілген халықаралық өтінімдер саны 40% өсті, бұл 2008 жылдан бастап ең үлкен өсім болды. Осы өтінімдердегі үлгілер саны 2015 жылы 13,8% өсті, бұл Гаага жүйесінің кеңеюіне байланысты, 2014 жылы членами которой стали Корея Республикасы, сондай-ақ 2015 жылы АҚШ және Жапония оған мүше болды, Корея Республикасы Гаага жүйесінің төртінші ірі пайдаланушысы болды, ал АҚШ пен Жапония берген өтінімдер бойынша тиісінше алтыншы және тоғызыншы орын алды.
«Гаага жүйесі бойынша өнеркәсіптік үлгілерге берілген өтінімдер санының қарқынды өсуі нарықта бәсекелестік артықшылықтарды алу үшін өнімнің сыртқы кейпінің маңыздылығын куәландырады. Бұл сонымен қатар, Гаага келісіміне ең ірі экономикасы бар үш елдің – Жапонияның, Корея Республикасының және АҚШ-тың қосылуына байланысты, бұл ДЗМҰ-ның өтінім беру саласындағы осы келісімінің нағыз жаһандыө жүйеге айналуында маңызды кезеңді бастады» деп – Гарри мырза мәлімдеді.
Гаага жүйесінің ең ірі пайдаланушысы ретінде 3453үлгілерімен, 2014 жылмен салыстырғанда үлгілері 10,7% кем болса да Германия көш бастайды, одан кейін Швейцария (3316үлгі), Франция (1317үлгі) және Корея Республикасы (1282үлгі).
Гаага жүйесінің ең ірі пайдаланушылары арасында бірінші орында 1132үлгісі бар және Swatch AG (511 үлгі) швейцар компаниясын артқа тастаған Корея Республикасындағы Samsung Electronics компаниясы. Кейін алдыңғы қатарлы бес өтінім берушілер тізімінде Нидерландтағы Fonkel Meubelmarketing (438үлгі), Германиядағы Volkswagen (418үлгі) және АҚШ-тағы Procter & Gamble (369үлгі) компаниялары келеді.
.
ДЗМҰ статистикалық деректері (http://www.wipo.int)