Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Патенттелген сүндет жасау тәсілі бойынша Қазақстан Республикасы Әділетминистрлігінің түсіндіруі

20 шілде, 2016
2016 жылғы 13 шілдеде қазақстандық дәрігер Әзірет Ерназаровтың «сүндетке отырғызу рәсімін» - сүндетке отырғызуды патенттегені туралы ақпарат жарияланды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бұл ақпарат дұрыс емес деп түсіндіреді. 2016 жылғы 15 тамыздағы №31124 инновациялық патент Ерназаров Адилет Ергешовичке, Ерназаров Азрет Ергешовичке, Ерназарова Айжан Азретовнаға «Сүндетке отырғызу рәсіміне» емес, «Циркумцизия жасау тәсіліне» берілген.
Циркумцизия жасаудың әр түрлі тәсілдері мен құрылғылары сондай-ақ Қытай, АҚШ, Ресей Федерациясының патенттік ведомстволарында және Еуразиялық патенттік ұйымда тіркелген.
Қазақстан Республикасының патенттік заңнамасы ұлттық, діни рәсімдер мен салт-дәстүрлерге патент беруге мүмкіндік бермейді. Рәсімнің өзіне патент беру құқықиеленуші үшін басқа тұлғаларға осы рәсімді жасауға тыйым салу мүмкіндігімен монополия беруді түсіндіреді. Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келеді.
ҚР Әділет министрлігінің
Баспасөз қызметі