Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Анонс. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылдың 16 кыркүйегінде Алматы қ. "Жас өнертапқыштар мен "Нұр Отан" партиясының өкілдерімен кездесу" тақырыбында дөнгелек үстел өтеді

04 тамыз, 2016
2016 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Әділет министрігі Ұлттық зияткерлік меншік инситутының Алматы қ. филиалында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жас өнертапқыштармен және «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен кездесу» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Баяндамашылар ретінде өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің «Шапағат» Республикалық байқауының 2014 және 2016 жылғы «Ең жас өнертапқыш» аталымының жеңімпаздары мен «НұрОтан» партиясының өкілдері шақырылып отыр.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел жұмысына Оқу орталығының мамандары қатысып, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған» және «Өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің «Шапағат» Республикалық байқауы жайында» баяндамаларын оқитын болады.
Семинардың басталуы 2016 жылдың 16 қыркүйегі, сағат 10.00-де.
Семинар бағдарламасы мен өтінім формасы аталған хабарлама қосымшасында берілген.
Шараға қатысу тегін. Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды семинарға шақырамыз.
Өткізілетін орны: 050002, Алматы қ-сы, Мүслім және Ришат Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы), «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы.
Семинарға қатысу өтінімін жоғарыда көрсетілген адрес бойынша немесе 8(727) 397-73-76 факсі арқылы, немесе edu.center@kazpatent.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Өтінім