Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

2016 жылдың 4 тамызында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығы «Қазақстанның тамақ кәсіпорындары одағында» көшпелі оқыту семинарын өткізді

08 тамыз, 2016
2016 жылдың 4 тамызында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығы «Қазақстанның тамақ кәсіпорындары одағында» «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР-ң заңнамалық актілері. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды беру. Тауар таңбаларын құқықтық қорғау» тақырыбында көшпелі оқыту семинарын өткізді.
Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы В.П. Федурин «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР-ң заңнамалық актілері» және «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды пайдалану», Оқу орталығының бас маманы Назаров Б.О.: «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды беру», Тауар таңбалары және өнеркәсіптік үлгілер бойынша талдаулық зерттеулер басқармасының бас сарапшысы Т.В. Горбунова: «Тауар таңбасының түсінігі, тауар таңбасы саласындағы заңнама нормалары, тауар таңбасының қызметі» және «Тауар шығарылған жер атауларын құқықтық қорғау» тақырыптарында дәрістер оқыды.
Аталған шараға Қазақстанның тамақ кәсіпорындары одағының келесідей өкілдері қатысты: «Первый пивзавод» ЖШС, «Хамде компания ЛТД» ЖШС, «Ақсай НТК» ЖШС, ҚТКО-ң сарапшысы, «Eurasia Foods» ЖШС, «Danone» компаниясы.
Семинар қатысушылары тауар таңбаларын, логотиптерді тіркеу мен қорғау, өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды беру бойынша шарттар мазмұны мен олардың бизнестегі рөлі жайында көптеген сұрақтар қойып, барлық қойылған сұрақтарға толық, білікті жауап алды.