Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

2016 жылдың 11 тамазында «ҰЗМИ» РМК Алматы қаласы филиалының Оқу орталығы көшпелі оқыту семинарын өткізді

16 тамыз, 2016
2016 жылдың 11 тамызында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығы «Synergy Partners заң фирмасы» ЖШС-де «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды беру және құқықтарды пайдалану» тақырыбында көшпелі оқыту семинарын өткізді.
Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы В.П. Федурин «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды пайдалану» және Оқу орталығының бас маманы Назаров Б.О.: «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды беру» тақырыптарында дәрістер оқыды.
Аталған шараға фирманың серіктестері мен қызметкерлері қатысты.
Семинар қатысушылары өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды беру, тауар таңбаларын тіркеу мен қорғау, лицензиялық шарттарды жасау мен олардың бизнестегі рөлі, ЗМ саласындағы сот талқылаулары жайында көптеген сұрақтар қойып, филиал лекторларынан оларға толық жауап алды.