2016 жылдың 23 тамызында Алматы қ. Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында Алматы қ. Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің ұйымдастыруымен «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және оның ерекшеліктері» тақырыбында «Ашық есік күні» өтті. Аталған шараға «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығының бас маманы – Б.О. Назаров қатысып, тұрғындардың зияткерлік меншік саласы бойынша қойған сұрақтарына жауап берді.