2016 жылдың 26 тамызында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығы «RG Brands» АҚ-да «Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды пайдалану» тақырыбында көшпелі оқыту семинарын өткізді.
Тауар таңбалары мен өнеркәсптік үлгілерді талдаулық зерттеулер басқармасының басшысы Ж.Е. Омарбекова «Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер» және Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы В.П. Федурин «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды пайдалану» тақырыптарында дәрістер оқыды.
Аталған шараға компанияның Заң департаментінің басшысы мен қызметкерлері қатысты.
Семинар қатысушылары тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілерді ұлттық және халықаралық дейгейде тіркеу мен қорғау, лицензиялық шарттарды жасау мен олардың бизнестегі рөлі турасында және басқа да көптеген сұрақтар қойып, филиал лекторларынан оларға толық жауап алды.