Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

2016 жылғы 16 қыркүйекте "ҰЗМИ" РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығы дөңгелек үстел өткізді

22 қыркүйек, 2016
2016 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік инситуты» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап «жас өнертапқыштармен және «Нұр-Отан» партиясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Аталған шарада «Шапағат-2016» байқауының «Ең жас өнертапқыш» номинациясы бойынша жеңімпазы – Ақнұр Аманбекқызы Тұрғымбаева «Қазақстандық мақсұр гүлдерінің түрлерінен «Ақ май» (Carthamustinctorius L) биологиялық белсенді заттарды алудың тәсілі» баяндамасын оқыды және аталған байқауға «Жас дарын» номинациясы бойынша – Қайрат Әділханұлы Дәдебаев қатысушыларға «Аяққа арналған тренажер» өнертабысын таныстырды.
Сонымен қатар, жас қазақстандықтарды қолдау жөнінде «Нұр-Отан» партиясының жұмысы туралы «Нұр-Отан» партиясының Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арман Бейсенбайұлы Халбеков ақпарат берді.
Дөңгелек үстелжұмысына «ҰЗМИ» РМК филиалының және Алматы қ. Оқушылар сарайының қызметкерлері қатысты. Оқу орталығының мамандары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және Өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің «Шапағат» Республикалық байқауы туралы баяндамаларды жасады.Іс-шара «Хабар» телеарнасында көрсетілетін болады.Шара аяқталған соң қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да ынтымақтастыққа ниет білдірді.