Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ға Корея патенттік ақпарат институты мамандарының сапары

23 қыркүйек, 2016
2016 жылғы 20-21 қыркүйекте Корей тарапы жүзеге асырып отырғанАИС НИИС («ҰЗМИ» РМК автоматтандырылған ақпарат жүйесі) базасын зерттеу және жаңарту жөніндегі жобаның алдын-ала кезеңі шеңберінде Корея патенттік ақпарат институты (КПАИ) мамандарының «Ұлттық зяиткерлік меншік институты» РМК-ға екінші сапары болды. Бұдан бұрын «ҰЗМИ» РМК мен Корея Зияткерлік меншік ведомствосы арасында АИС НИИС базасын дамыту және жетілдіру жөнінде өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Сапар барысында КПАИ өкілдері зияткерлік меншік бизнес-процесстері, АИС НИИС-тің техникалық мүмкіндігі, ҰЗМИ РМК-ның ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы жөнінде сауалнама және сұхбат әдісімен зерттеулер өткізді. Сондай-ақ КПАИ өкілдері «ҰЗМИ» РМК сарапшылары үшін Кореяның зияткерлік меншік құқығы жөніндегі іздеу жүйесімен (Korean Intellectual Property Rights Infrormation Service-KIPRIS) және барлық өнеркәсіп объектілерін іздеу бойынша оның техникалық мүмкіндіктерімен таныстырды. Зерттеудің алдын-ала кезеңін жалғастыру үшін «ҰЗМИ» РМК сарапшылары а.ж. қазан-қараша айларында Сеул және Тэджон қалаларында (Корея Республикасы) әлеуетті арттыру бойынша семинарға қатысады, оның барысында KIPOnet Корея патенттік ведомствосының әкімшілік ақпараттық жүйесінің (АИС НИИС базасының аналогы) тәжірибесі зерттеледі және АИС НИИС базасын жетілдіру бойынша алдын-ала ұсыныстар беріледі.