Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Хабарландыру. Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізуді жоспарлап отыр

26 қыркүйек, 2016
Әділет министрлігі өзі әзірлеген заң жобаларын жариялау жөніндегі іс-шаралар аясында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Алматы (2016 жылғы 30 қыркүйек), Астана (2016 жылғы 6 қазан) және Павлодар (2016 жылғы 14 қазан деп болжанады) қалаларында қоғамдық тыңдау өткізуді жоспарлап отыр .
Іс-шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми қауымдастық өкілдері, құқық иеленушілер, патенттік сенім білдірілген өкілдер мен патенттанушылар және БАҚ өкілдері қатысады деп болжануда.
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобасының негізгі ережелерін түсіндіру және талқылау іс-шараның негізгі мақсаты болып табылады.