Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

2016 жылғы 20 қырқүйекте "Ашық есік күні" өтті

30 қыркүйек, 2016
Қызылорда облысының Әділет департаменті және Қызылорда қалалық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен және ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Шымкент қаласындағы филиалының директоры М.Елибаевтың қатысуымен 2016 жылғы20 қыркүйекте «Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалында «Ашық есік» күні өтті.
«Ашық есік» күнінің мақсаты: Дүниежүзілік экономикалық форумның «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы бойынша Жаhандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткішін жақсарту мақсатында зияткерлік меншік объектілерінеөтініш берушілер мен құқық иелеріне, авторларға құқықтық көмек көрсету және кеңес беру. Іс-шараны Әділет департаменті басшысының орынбасары Т.Лесеров ашып, ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Шымкент қаласындағы филиалының директоры Елибаев Мақсат арнайы «Ашық есік» күніне келген қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді және таратпа материалдарды үлестірді.