Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

2016 жылғы 21 қыркүйекте дөңгелек үстел өтті

30 қыркүйек, 2016
Қызылорда облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы 21 қыркүйекте департамент басшысы Қ.Сапаровтың төрағалығымен жәнеҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Шымкент қаласындағы филиалының директоры М.Елибаевтың қатысуымен Ә.Тәжібаев атындағы орталықтандырылған облыстық кітапхананың мәжіліс залында Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы көрсеткішін көтеру мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Аталған шараға облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіпкерлер палатасының, құқық қорғау органдарының өкілдері, ақын-жазушылар, мәдениет қызметкерлері, авторлар, құқық иелері, журналистер қауымы, ғалымдар қатысты.
Сонымен қатар дөңгелек үстелдің жұмысы барысында белсенділік танытқан бірқатар зиялы қауым өкілдері департамент басшысының алғыс хатымен марапатталды. Құқық иелері мен зияткерлік меншік объектілерін пайдаланушыларға құқықтық кеңес берілді. Қатысушылар тарапынан алдағы уақытта мұндай іс-шараларды жиі өткізу туралы ұсыныстар беріліп, оған Департамент тарапынан қолдау табылды.
Іс-шара барысында түрлі сұрақтарға жауаптар беріліп, қатысушылар жан-жақты пікір алмасты.