Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

А.ж. 14 қыркүйекте халықаралық конференция өтті

30 қыркүйек, 2016
А.ж. 14 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі, G-global-ды дамыту және «Жасыл экономика» коалициясы, G-Global халықаралық секретариаты және басқа халықаралық ұйымдардың ұйымдастыруымен «Жасыл-Көпір Серіктестік-Бағдарламасы» Қазақстанның
«Жасыл-көпір -жасыл технологиялар көпірі, қолжетімді энергия және инновация» халықаралық бастамасын жүзеге асыруға арналған конференциясы өтті.
2010 жылы Президент Н.Ә. Назарбаевтың III Астана Экономикалық Форумында ұсынған «Жасыл-Көпір» бағдарламасы Қазақстанның бірден-бір ашық халықаралық бастамасы болып саналады. Бағдарлама «РИО+20» және БҰҰ саммитінде 2012 жылы барлық мемлекеттермен мақұлданған болатын және Экспо-2017 көрмесін ілгері бастырудың платформасы болды.
Конференция пленарлық және «Жасыл-Көпір экономиканы индустрияландыру экологиялық провайдер» атты панелдік сессиясындан, сондай-ақ «Жасыл бизнесті қолдау және экономикалық ынтыландыру механизмдері» атты дөңгелек үстелінен құралды.
Конференция жұмысында ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК шарттарды сараптау басқармасының басшысы А.А. Хабиденова қатысты.
Панелдік сессияның спикері ретінде ҚР ӘМ ҰЗМИ «РМК» қызметіне қатысты өнертабысқа патентті беру және 2015 жылы енгізілген «жасыл» патенттерге өтінімдерді қарастыруды жеделдету механизмі туралы ақпаратпен бөлісті және өтінімдерді қарауды жеделдетудің артықшылығы жөніндегі талаптарды түсіндірді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында «жасыл» технологияға берілген патенттерге шолу жасады.