Бекітілген бағдарламаға сәйкес 2016 жылдың 19 мен 23 қыркүйек аралығында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Алматы қ. филиалының Оқу орталығында ұйымдардың ҚР патенттік сенімді өкілдері мен патенттанушыларына арналған «Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау мен сақтау» тақырыбында тағылымдама өтті.
Тағылымдама дәріс және тәжірибелік сабақ түрінде ұйымдастырылды.
Лекторлар ретінде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалының басқарма басшылары мен бас сарапшылары бекітілген бағдарламаға сәйкес дәрістер оқыды.
Әр тақырыпқа тәжірибелік сабақ қоса өткізілді.
Тағылымдама қатысушылары өнеркәсіптік меншік объектілерін ұлттық және халықаралық деңгейде тіркеу, кешенді кәсіпкерлік лицензиялық шарттар (франчайзинг) мазмұны және олардың бизнестегі рөлі жөнінде және басқа да көптеген сұрақтар қойып, филиал лекторларынан оларға толық жауап алды.
Шара аяқталған соң қатысушылар филиал сарапшылары алғыстарын айтып, алдағы уақытта да бірлесе жемісті жұмыс атқаруға ниет білдірді.