Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

Алматы технологиялық университетінде Қазақстан Республикасы заңының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті

30 қыркүйек, 2016
2016 жылғы 30 қыркүйекте Алматы қаласында Алматы технологиялық университеті (бұдан әрі - АТУ) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК өкілдері және жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушы құрамы қатысты.
Тыңдауды аталған университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры М.Ж. Кизатова ашты.
Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры А. Естаев қатысушыларды Заң жобасымен таныстырды.
Заң жобасына жекелеген объектілер бойынша енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар туралы ҚР Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы департаментінің авторлық құқық және сабақтас құқықтар басқармасының басшысы Г. Какен, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК басқармаларының бастықтары Ә.Әбенова, Г. Ильясова, Ә. Хабиденова баяндамалар жасады.
Қоғамдық тыңдауға қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтыруларды талқылап, оларды бірауыздан қолдады.