2016 жылғы 30 қыркүйекте сағ 12.00 Алматы қаласында С.Ф. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК өкілдері және жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушы құрамы қатысты.
Тыңдауды құттықтау сөзімен Б. Атчабаров атындағы іргелі және қолдаңбалы медицина ғылыми-зерттеу институтының директоры Л.Т. Ералиева ашты.
Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры А. Естаев қатысушыларды Заң жобасымен таныстырды.
Заң жобасына жекелеген объектілер бойынша енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар туралы ҚР Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы департаментінің авторлық құқық және сабақтас құқықтар басқармасының басшысы Г. Какен, ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК басқармаларының бастықтары Ә.Әбенова, Г. Ильясова, Ә. Хабиденова баяндамалар жасады.
Қоғамдық тыңдауға қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтыруларды талқылап, оларды бірауыздан қолдады.