А.ж. 6 қазанында 15:00-де Астана қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізу жоспарлануда.
Іс-шараға Парламент депутаттары, Әділет министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Зияткерлік меншік институтының, ғылыми мекемелердің өкілдері, авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарының, патенттік сенім білдірілген өкілдері мен бизнес өкілдері қатысады.
Заң жобасының және Тұжырымдаманың мәтіндері 2016 жылғы 14 , 17, 20 қыркүйектегі № 101, 102, 103 «Юридическая газета», «Заң газеті» басылымдарында, Әділет министрлігініңwww.adilet.gov.kzжәне Зиятркелік меншік құқығы институтының www.kazpatent.kzресми сайттарында орналасқан.
Журналистердің аккредитациясы мына телефондар бойынша өткізіледі: 74-94-78, 8-771-606-23-52 Капбасова Асем, 74-06-01 Лурова Аида.
Өткізу орны: ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
(Астана қаласы, Қонаев көшесі, 8, «Изумрудный квартал», Блок «Б»,10 қабат, «Мұғалжар» залы).
Келесі қоғамдық тыңдаулар Павлодар (14 қазан) және Қарағанды (қарашаның 1 декадасында) қалаларында өткізілу жоспарлануда.