Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Астанада «Атамекен» ҰКП-да зияткерлік меншік туралы Заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті

07 қазан, 2016
6 қазанда АстанадаҚР Әділет министрлігімен ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті.
Қоғамдық тыңдаудың жұмысына Парламент депутаттары, Әділет министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, Энергетика министрлігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ұлттық зияткерлік меншік институтының, ғылыми мекемелердің, авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарының өкілдері, патенттік сенім білдірілген өкілдер және бизнес өкілдері қатысты.
Қоғамдық тыңдау отырысын Қоғамдық кеңесінің төрағасы, модератор О.И. Жумабеков ашты. Алғы сөзді «Атамекен» ҰҚП-ның басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі, М.А. Абенов және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г.К. Бижанова сөйледі.
Заң жобасымен ҚР Әділет Министрінің орынбасары Э.Ә. Әзімова таныстырды.
Патенттік сенім білдірілген өкілдері А.А. Абдыкулов, М.М. Тагбергенова баяндама жасады.
Заң жобасының сараптамалық қорытындысымен патенттік сенім білдірген өкіл Ю.А.Болотов таныстырды.
Заң жобасының міндеті - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының зияткерлік меншікті қорғау саласындағы стандарттарына жүйелі түрде өту.
Заң жобасының негізгі жаңалықтары:
-зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеу бойынша өкілеттіктерді сараптама ұйымына («Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК) беру арқылы зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің бір деңгейлі жүйесін құру, яғни тіркеуді тек сараптама ұйымында жасауды қамтамасыз ету;
-тіркеуге қатысты дауларды сотқа дейінгі аралықта қарау мүмкіндігін кеңейту, сол арқылы Апелляциялық кеңестің тауар таңбалары мен фирмалық атаулардың ұқсастығы және тауар таңбаларын дистрибьютердің атына тіркеу бойынша дауларды қарастыру қарастырылған;
-құқық иелерінің тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы алу құқығын қамтамасыз ету, осы арқылы тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін 500 АЕК- тен 10000 АЕК-ке дейін өтемақы мөлшерін көбейту;
-тауар таңбаларына өтінімдерді сараптама ұйымына түскен сәттен бастап жариялау, бұл даулардың санын қысқартуға және мүдделі тұлғаларға тіркеуге келіп түскен тауар таңбалары туралы мәліметті алдын ала білуге мүмкіндік береді;
-шарттарды тіркеу тәртібін жеңілдету сараптама ұйымына шарттың төлнұсқасын ұсынуды талап етпеуді қамтамасыз етеді.
Жалпы Заң жобасы қолдау тапты.
Заң жобасының және Тұжырымдаманың мәтіндері 2016 жылғы 14 , 17, 20 қыркүйектегі № 101, 102, 103 «Юридическая газета», «Заң газеті» басылымдарында, Әділет министрлігінің www.adilet.gov.kz және Зиятркелік меншік құқығы институтының www.kazpatent.kz ресми сайттарында орналасқан.
Қоғамдық тындаудың хаттамасы
Қоғамдық тындау хаттамасына қосымша