Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Шымкент қ. зияткерлік меншік туралы Заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті

26 қазан, 2016
Ағымдағы жылғы 26 қазанда Шымкент қаласында ҚР Әділет министрлігімен ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді.
Қоғамдық тыңдаудың жұмысына Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік кірістер департаменті және ішкі істер департаменті, аумақтық органдарының, Кәсіпкерлер палатасының, Ұлттық зияткерлік меншік институтының, ғылыми мекемелердің, Мамандырылған ауданаралық экономикалық сотының өкілдері және кәсіпкерлік субъектілері қатысты.
Қоғамдық тыңдауды модератор, ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры А. Қ. Естаев ашты, Заң жобасын Ұлттық зияткерлік меншік институты бас сарапшы-директордың кеңесшісі А.Б. Абенова таныстырды.
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заңын талқылау барысында өнеркәсіптік меншік объектілерін коммерцияландыру бойынша, атап айтқанда өнертабысқа петент, өнертабыс өтінімдерінің сараптама мерзімі және инновациялық граннтар жөнінде сұрақтар қойылды.
Заң жобасының міндеті - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының зияткерлік меншікті қорғау саласындағы стандарттарына жүйелі түрде өту.
Заң жобасының негізгі жаңалықтары:
-зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеу бойынша өкілеттіктерді сараптама ұйымына («Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК) беру арқылы зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің бір деңгейлі жүйесін құру, яғни тіркеуді тек сараптама ұйымында жасауды қамтамасыз ету;
-тіркеуге қатысты дауларды сотқа дейінгі аралықта қарау мүмкіндігін кеңейту, сол арқылы Апелляциялық кеңестің тауар таңбалары мен фирмалық атаулардың ұқсастығы және тауар таңбаларын дистрибьютердің атына тіркеу бойынша дауларды қарастыру қарастырылған;
-құқық иелерінің тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы алу құқығын қамтамасыз ету, осы арқылы тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін 500 АЕК- тен 10000 АЕК-ке дейін өтемақы мөлшерін көбейту;
-тауар таңбаларына өтінімдерді сараптама ұйымына түскен сәттен бастап жариялау, бұл даулардың санын қысқартуға және мүдделі тұлғаларға тіркеуге келіп түскен тауар таңбалары туралы мәліметті алдын ала білуге мүмкіндік береді;
-шарттарды тіркеу тәртібін жеңілдету сараптама ұйымына шарттың төлнұсқасын ұсынуды талап етпеуді қамтамасыз етеді.
Жалпы Заң жобасы қолдау тапты.
Заң жобасының және Тұжырымдаманың мәтіндері 2016 жылғы 14 , 17, 20 қыркүйектегі № 101, 102, 103 «Юридическая газета», «Заң газеті» басылымдарында, Әділет министрлігініңwww.adilet.gov.kzжәне Зиятркелік меншік құқығы институтыныңwww.kazpatent.kzресми сайттарында орналасқан.