Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Петропавл қ. зияткерлік меншік туралы Заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті

26 қазан, 2016
Ағымдағы жылғы 26 қазанда Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан Әділет департаменті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әрі қарай – Заң жобасы) Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті.
Қоғамдық тындаудың жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті, Солтүстік Қазақстан бойынша «Атамекен» КП өкілдері, Петропавл қаласының кәсіпкерлері және Солтүстік Қазақстан мемлекеттік техниқалық университетінің оқытушысы мен студенттері қатысты.
Тыңдауды Солтүстік Қазақстан Әділет департаменті басшысының орынбасары Д.В. Колода ашты.
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Петропавл қаласы филиалың директоры М.А. Терехина қатысушыларды Заң жобасының негізгі жаңалактармен таныстырды.
Жалпы заң жобасы қолдау тапты.