Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Қарағанды қ. зияткерлік меншік туралы Заңының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті

14 қараша, 2016
2016 жылы 10 қазанда Қарағанды қаласында «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді.
Қоғамдық тыңдаудың жұмысына жергілікті және аумақтық органдардың өкілдері, Қарағанды облысысының Ішкі істер департаментінің, Қарағанды облысының Мемлекеттік кірістер бойынша департаментінің, тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаметінің, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, судьялар, патентік сенім білдірілген өкілдер және кәсіпкерлік субъектілері қатысты.
Заң жобасын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқықтары бойынша департаментінің авторлық және сабақтас құқықтар бойынша басқармасының басшысы Г.К. Какен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директорының бас сарапшы-кеңесшісі Абенова А.Б. таныстырды.
Талқылау барысында енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қатысты сұрақтар, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы анықтаушы сұрақтар қойылды.
Заң жобасының міндеті- Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының зияткерлік меншікті қорғау саласындағы стандарттарына жүйелі түрде өту.
Заң жобасының негізгі жаңалықтары:
-зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеу бойынша өкілеттіктерді сараптама ұфымына («Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК) беру арқылы зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің бір деңгейлі жүйесін құру;
-тіркеуге қатысты дауларды сотқа дейінгі қарау мүмкіндігін кеңейту;
-құқық иелерінің тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы алу құқықғын қамтамасыз ету;
-тауар таңбаларына өтінімдерді сараптама ұйымына түскен сәттен бастап жариялау.
Жалпы Заң жобасы қолдау тапты.
Заң жобасының және Тұжырымдаманың толық мәтіндері 2016 жылғы 14, 17, 20 қыркүйектегі № 101, 102, 103 «Юридическая газета», «Заң газеті» басылымдарында, Әділет министрлігініңwww.adilet.gov.kzжәне Ұлттық зияткерлік меншік институтыныңwww.kazpatent.kz(сыртқы сілтеме) ресми сайттарында орналасқан.