Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалы көшпелі семинар өткізді

18 қараша, 2016
2016 жылдың 15 қарашасында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілері. «Шапағат» байқауы туралы тақырыбында семинар өтті.
Семинар жұмысына доценттер, ғылым кандидаттары, каферда меңгерушілері, бөлім басщылары, ғылыми қызметкерлер мен университет оқытушылары болды.
Алғы сөзді модератор - «ҰЗМИ» филиалы Оқу орталғының бас сарапшысы Ж.А. Серікбаева сөйледі.
Алдын-ала бекітілген бағдарлама бойынша филиал қызметкерлері келесідей тақырыптарда дәрістер оқыды:
-«Зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері (өзгерістер мен толықтыруларымен қоса)»
-Қазақстан Республикасында өнертапқыштық пен инновацияны ынталандыру.
Семинар қатысушылары зияткерлік меншік объектілерін тіркеу, ЗМО-не авторлық құқық объектілеріне қорғау құжаттарын алу, қорғау құжаттарының әрекет ету мерзімі туралы және т.б. сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға «ҰЗМИ» филиалының қызметкерлері толық жауап берді.
Семинар аяқталған соң, университеттің Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының басшысы Гауһар Өмірәлиқызы Байташева қатысушылар атынан «ҰЗМИ» филиалының қызметкерлеріне ЗМ мәселелері бойынша берген ақпараты үшін алғыс білдіріп, осыған ұқсас авторлық құқық және селекциялық жетістіктер туралы семинардың өткізілуіне тілек білдірді.