Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

ДЗМҰ-ның географиялық көрсеткіштер мен тауар шыққан жерлердің негізінде айыру белгілерін қорғау құралдары мәселелері бойынша субрегионалдық семинары өтті

08 желтоқсан, 2016
2016 жылғы 8 желтоқсанда Астана қаласында Географиялық көрсеткіштер мен тауар шыққан жерлердің негізінде айыру белгілерін қорғау құралдары мәселелері бойынша субрегионалдық семинар өтті.
Семинарды ұйымдастырушылар – Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Ұлттық зияткерлік меншік институты.Семинардың басты мақсаты: географиялық көрсеткіштерді қорғау жөнінде практикалық мәселелерді талқылау, олардың зияткерлік меншік объектілерінен айырмашылығы, құқықтық және экономикалық қорғау дәлелдері, сондай-ақ ДЗМҰ өкілдерімен, шетел компаниялармен және осы саладағы басқа да мүдделі тұлғалармен алдыңғы қатарлы тәжірибемен алмасу болып табылады.
Семинарды құттықтау сөзімен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының өтпелі экономика және дамыған елдер департаментінің Кавказ, Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдері секциясы басшысының міндетін атқарушы Илья Грибков мырза және Ұлттық зияткерлік меншік институтының директоры Сырым Бекенов ашты.
Субрегионалдық семинардың жұмысына Түркменістан, Тәжікстан, Молдавия, Қырғызстан, Грузия және Әзірбайжан патенттік ведомстволарының өкілдері, сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдер, мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері, ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындарының,Қазақстанның кәсіпкерлік өкілдері қатысты.
Семинарға қатысушылардың алдында келесі спикерлер сөз сойледі: ДЗМҰгеографиялық көрсеткіштер және үлгілер бойынша заңнама бөлімінің заңгері Виолета Гхету ханым («Географиялық көрсеткіштерді жүргізу: концепциясы, терминалогиясы және оларды қорғау дәлелдері», «Халықаралық тіркеу жүйесі»), «King&Spalding» компания әріптесі (Швейцария) Даниэл С. Кросби мырза (Географиялық көрсеткіштерді қорғау тәртібі», «Басқа мемлекеттерде тиімді қорғауды алу: мүмкіндіктер мен сын тегеуріндері»), Asiago PDO Cheese Consortium» компания директоры (Италия) Флавио Инночензи («Географиялық көрсеткіштер: географиялық шығу сыртқы құрылғыны қосу арқылы бағаны жасау. Мысалдар», Географиялық көрсеткіштер және басқа зияткерлік меншік құралдары: өнімнің сәкестілігін күшейту жолындағы бірлескен күш салу»), АҚШ Тауар таңбасы және патенттер жөніндегі ведомствосы зияткерлік меншікті қорғау және саяси сұрақтары бойынша басқармасының сенімді кеңесшісі Нэнси Омэлко ханым («Халықаралық тіркеу жүйесі»), Мюнхен қ. (Германия) жер сотының судьясы Оливер Шен мырза және Мюнхен қ. (Германия) жер сотының тағылымгері Даниель Кенджи Канеко мырза («Неміс құқықтануындағы географиялық көрсеткіштерді зерттеу: Баварлық сыра және «Черный лес» ветчинасы»), ұлттық спикер ретінде «ҰЗМИ» РМК бас-сарапшы кеңесшісі Әсемгуль Әбенова («Географиялық көрсеткіштерді ұлттық құқықтық базасы және қазақстан тауарларына географилық көрсеткіштер потенциалы») баяндама жасады.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар семинар тықырыбы бойынша сұрақтар қойып, оларға спикерлермен жауап берілді.
Презентация И. Грибкова
Презентация Н. Омэлко
Презентация Д. Кросби
Презентация Д. Канеко
Презентация В. Гхету тема № 1
Презентация В. Гхету тема № 2
Презентация М. Бакиева
Презентация А. Абеновой
Презентация Ф. Инночензи