Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК мен АҚШ Патент және тауар таңбалары жөніндегі ведомствосының арасында Өзара түсіністік және екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

08 желтоқсан, 2016

2016 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК мен АҚШ Патент және тауар таңбалары жөніндегі ведомствосының арасында Өзара түсіністік және екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директоры С. Е. Бекенов және АҚШ Тауар таңбасы және патенттер жөніндегі ведомствосы зияткерлік меншікті қорғау және саяси сұрақтар бойынша басқармасының сенімді кеңесшісі Нэнси Омэлко қатысты.
Меморандум ынтымақтастығының негізгі бағыттары:
-Зияткерлік меншіктің инновацияларды алға жылжытудағы, экономикалық дамудағы рөлі, зияткерлік меншікті иелену, пайдалану, қорғау, сақтау тақырыбына бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ зияткерлік меншік саласында білім беру және жұртшылықты ақпараттандыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
- Сарапшыларды оқыту және ақпаратпен алмасу;
- ЗМ саласында қызмет көрсетуге қатысты озат тәжірибемен алмасу.