Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

ТМД және Грузия мемлекетерінде зияткерлік меншік сұрақтары жөніндегі Ресейдегі Франция Елшілігі Кеңесшісімен кездесу өтті

09 желтоқсан, 2016
2016 жылғы 9 желтоқсанда ҚР Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік құқығы» РМК басшылығы қатысуымен Директор С.Е. Бекенов, директордың орынбасарлары К.О. Батаева, А.Қ. Естаев және басқарма басшысы А.Қ. Артыкованың ТМД және Грузия мемлекеттерінде зияткерлік меншік сұрақтары жөніндегі Ресейдегі Франция Елшілігі Кеңесшісі Марион Гутпен кездесу өткізілді.
Марион Гуттың Астанаға іс-сапары ҚР Парламент Мәжілісінде өткізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша дөңгелек үстелге қатысу болып табылатын.
Кездесудің басты тақырыбы Франция Республикасы Ұлттық өнеркәсіптік меншік институты және ҚР Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК арасындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік Меморандум шеңберінде зияткерлік меншік саласындағы екі-жақты ынтымақтастық, сондай-ақ зияткерлік меншік сұрақтары бойынша ҚР заңнамасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар және Қазақстанның патенттік жүйесінің даму перспиктивалары талқыланды.