Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

ДЗМҰ-ның өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық тіркеудің Гаага жүйесі бойынша субрегионалдық семинары өтті

09 желтоқсан, 2016
2016 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында дөңгелек стол өтті.
Отырысты Парламент Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің төрағасы Н.Әбдіров ашты. Ол сөйлеген сөзінде Қазақстан Еуропа одағымен кеңейтілген серіктестік туралы келісімге қол қойғаннан бері бір жыл өткенін атап өтті.
Қазақстан Республикасы өз кезегімен ЭЫДҰ-ның дамыған елдерінің озық тәжірибесін кезең-кезеңмен енгізу жөніндегі саясатын жүргізуде.
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының толық құқықты мүщесі болды. Бес мемлекет елдері басшыларының Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы экономикалық интеграция және бірыңғай кеден аумағы жөніндегі бастамалары іске асырылуда.
Қабылданған халықаралық міндеттемелер арасында зияткерлік меншік объектілерін тиісті түрде қорғауды қамтамасыз ету және құқық иелерінің құқықтарын қорғауда сақтай отырып, олардың нарықта еркін айналымын қамтамасыз ету жөнінде міндеттеме бар.
Сонымен қатар, шетелдік сарапшылар: С. Тлевлесова – Еуразиялық патенттік ведомствоның президенті; Федерико Бирокки – Еуропалық одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің сауда мәселелері бойынша бөлімінің басшысы; Пайви Лахдесмаки – ДЗМҰ заң бөлімінің басшысы; Марион Гют – Францияның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің ТМД және Грузия бойынша зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Францияның Ұлттық өнеркәсіптік меншік институтының өкілі; Клаус бахер – Германияның Федералдық Жоғарғы Сотының судьясы; Оливер Шён – Мюнхен қаласының Жер сотының судьясы сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орынбасары Э. Әзімова Заң жобасы бойынша баяндама жасай отырып, онда мынадай негізгі жаңалықтар бар екенін атап өтті. Біріншіден, сараптама жасау ұйымына зияткерлік меншік объектілерін тіркеу жөніндегі өкілеттерді бере отырып, зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің бір деңгейлік жүйесін құру. Екіншіден, тіркеу бойынша дауларды соттан бұрын қарау мүмкіндігін кеңейту. Бұл орайда, Әділет министрлігі жанындағы Апелляциялық кеңеске қосымша өкілеттерді беру ұсынылады. Үшіншіден, заң жобасында құқық иелерінің тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы алу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған нормалар көзделеді. Төртіншіден, заң жобасында тауар таңбаларына өтінімдерді сараптама ұйымына түскен сәттен бастап жариялау ұсынылады.
Одан басқа, заң жобасында өнеркәсіптік меншік объектілеріне лицензиялық шарттарды тіркеу тәртібін жеңілдетуге бағытталған түзетулер ұсынылады.
Талқылау бойынша Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің төрағасы Н.Әбдіров және дөңгелек столдың модераторы - Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің мүшесі Г. Бижанова қорытынды жасады.
Заңнаманы қарау заң жобасы бойынша жұмыс тобы шеңберінде жалғасады.