Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«ҰЗМИ» РМК Өскемен қ. филиалы кездесу өткізді

13 желтоқсан, 2016
2016 жылдың 30 қарашасында «ҰЗМИ» РМК Өскемен қ. филиалы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап Қазақстан- Америқандық Еркін университетінің студенттермен кездесу өткізді. Аталған кездесудің мақсаты - зияткерлік меншік құқығын құрметтеуді және Қазақстанның индустриалды - инновациялық дамуындағы оның алатын орны жайлы ақпараттандыру.
Кездесу аяқталған соң заң ғылымдарының кандидаты, доцент «Бизнес, құқық және педагогика» факультетінің деканы Мензюк Галина Анатольевна өткізілген кездесу үшін алғыс айтты.