2016 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалында «Ашық есік күні» өтті.
Аталған шарада филиал директоры З.О. Орынбекова өзінің құттықтау сөзінде қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.
«ҰЗМИ» РМК филиалының қызметі жайында, өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің Республикалық «Шапағат» байқауы туралы; Қазақстан Республикасының Патенттік заңындағы өзгерістерге сәйкес өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу жайында; тауар таңбаларын Қазақстан Республикасында және Еуразиялық экономикалық одағында (ЕАЭО) тіркеу туралы; қорғау құжаттарын алуға өтінімдерді электронды түрде беру турасында «ҰЗМИ» РМК филиалының басқарма басшылары мен сарапшылары баян етті.
Аталған шараға Алматы қ. бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының өкілдері қатысты.
Шара соңында қатысушылар «Қазақстан Республикасының өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеусұрақтарына қызығушылық білдіріп, ұйымдастырушыларға патенттеу саласы бойынша берген ақпараттары үшін алғыс білдірді.