Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

2017 жылдың 28 қарашасында Алматы қаласында «Rixos Almaty» қонақ үйінде XII Инновациялық Конгресс және инновациялық жобалардың көрмесі болып өтті

25 қаңтар, 2018

2017 жылдың 28 қарашасында Алматы қаласында «Rixos Almaty» қонақ үйінде XII Инновациялық Конгресс және инновациялық жобалардың көрмесі болып өтті. Аталған Конгресске «ҰЗМИ» РМК мен «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының қызметкерлері қатысты. Ұйымдастырушы – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен Технологиялық даму жөнінендегі ұлттық агенттігі болды. Конгресс жұмысына 500-ден астам сарапшы-инвесторлар, сарапшылар, кеңесшілер, кәсіпкерлер қатысты және оның аясында алдыңғы қатарлы шетелдік және отандық сарапшыларды тарта отырып, инновациялық және технологиялық дамудың ең маңызды тақырыптары талқыланды. Биылғы Конгресстің тақырыбы «Технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға» арналды. Бағдарламада алдыңғы қатарлы шетелдік және отандық сарапшылар, бизнес қауымдастық өкілдері технологиялар трансфері, 4.0 Индустрия элементтері және интернет технологиясы, бизнесті инкубациялау, block-chain салаларына қатысты өз ойларын ортаға салды.

Конгресс шеңберінде тәжірибелік шеберлік кластар өткізілді. Осыған орай іс-шарада Ресейдің Ғаламтор бастамасын дамыту қоры акселераторының директоры Дмитрий Калаев сөз сөйледі. Ол стартаптың даму кезеңдері туралы және оларға қалай инвестициялау қажеттілігін айтты. Бұл жобаларды жедел түрде дамытып, байланыстарды көптеп тауып, инвестиция алып отырған бизнесті жедел түрде дамытуға арналған Ресейдің ең сәтті бағдарламаларының бірі.

Екінші шеберлік класы технологияларды трансферлеу мәселелеріне арналды. Бұл жерде NineSigma мен Cambridge Innovation Consulting сияқты технологиялық брокерлік саласындағы мұндай жетекші компания өкілдері кәсіпкерлердің өздеріне қажетті озық технологияларды тауып, оларды енгізу жолдарына бағытталған.

Инновациялық экожүйенің дамуы, жеке бизнес инкубацияны және қолдау шаралары туралы, еншілес нарықты дамытуға арналған жобалардың сыни жиынтығының рөлі сияқты өзекті тақырыптар бойынша пікірталас жүргізуге арналған сессиялар өткізілді. Мұнда еншілес қаржыландыру туралы жаңа заңнама тұжырымдамасы да талқыға салынды.

Сонымен бірге, Конгресс шеңберінде «Ұлттық инновация байқауы – 2017» сайысының қорытындысы жарияланды. Конкурстың мақсаты – халықтың әртүрлі буындарының арасында инновациялық белсенділікті ынталандыру. Бұл жылы конкурсқа басқа өңірлерден 1000 нан астам адам қатысты, атап айтқанда оқушылар, студенттер, өнертапқыштар, тілшілер.

Конгресс аясында «Chevron» компаниясы және MOST бизнес-инкубаторымен бірге Технологиялық даму жөнінен Ұлттық агенттігімен ұйымдастырылған 2017 жылдың қыркүйек айының ортасында іске қосылған «Қазақстанның инновациялық компаниялары рейтингісінің» ТОП-10 ресми марапаттау рәсімі болып өтті. Рейтингте бірінші орынды Еуразиялық топ иеленді («ERG ҒЗИО» ЖШС), екінші – «KunTech» компаниясы, үшінші – «Самұрық-Энерго» АҚ. Төртінші және бесінші тиісінше «Қазатомпром» ҚҒА» АҚ мен «САПА» РТ ҒӨО» ЖШС бөліп алды. Алтыншы орынды «Beeline Қазақстан» иеленді, бұдан кейін ізінше Tau Innovative Solutions, «ВВС Инжиниринг» ЖШС, Mercury Properties пен «Poly Tech Electronics» жайғасты.

Конгресстің Инновациялық жобалардың көрмесінде 30-ға жуық қызықты инновациялық жобалары ұсынылды.Келушілерге олармен көзбе-көз танысып және қазақстан және шетел компаниялары әзірлеушілерімен байланыс орнатты.