Ұлттық зияткерлік меншік институты
Ұлттық зияткерлік меншік институты қызметкерлері «Ғылым қоры» АҚ ұйымдастырып отырған «Коммерциализация жобаларын гранттық қаржыландыруды жүзеге асырудағы тәжирибелік аспектілері» атты оқыту семинарына қатысуда. Бескүндік семинар 2018 жылдың 26 ақпанында басталды.
Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаменті Өнертабыстар және пайдалы модельдеріне өтінімдерді сараптау басқармасының сарапшылары өнертабыс және пайдалы модельге өтінімдерді жасау, ресімдеудегі жалпы талаптармен таныстырды, сондай-ақ семинар қатысушылардың сұрақтарына жауап беруде.
«ҰЗМИ» РМК сарапшыларының бес күн бойы 2018 жылдың 26 ақпаны мен 2 наурыз аралығында өтетін семинарда сөз сөйлеуі көзделген.