Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

2018 жылдың 05 және 06 сәуірінде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалы мен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ бірлесе атты шеберлік классын өткізді

01 сәуір, 2018

2018 жылдың 05 және 06 сәуірінде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалы мен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ бірлесе «Технологиялық жобаны сәтті іске асыру: идеядан бастап өсу сатысына дейін» атты шеберлік классын өткізді.

5 сәуірде «Өз өнертабысыңды қалай қорғау керек және өнертабысқа патент қалай аламыз?» тақырыбында шеберлік класы өтіп, онда «ҰЗМИ» РМК филиалының Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы Ш.Ж. Әлімбеков өнертабысқа (пайдалы модельге) патент алу, өнертабысқа патент алуға берілген өтінімді қарау тәртібі жөнінде ашып айтты.

6 сәуірде «Тауар таңбасын қалай қорғау қажет?» тақыбында шеберлік класы өтіп, онда «ҰЗМИ» РМК филиалының Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілерді талдаулық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Т.В. Горбунова тауар таңбасын қорғау және тіркеу механизмдері, тіркелетін таңбаға қойылатын негізгі талаптар және т.б. туралы айтып берді.

Шара соңында аталған Агенттік өкілдері консультация беріп, грант беру талаптары, грант алуға өтінімдерді қарау тәртіптері, басым бағыттар және басқа да сұрақтар бойынша ақпарат берді