Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

2018 жылдың 29 наурызында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығы оқу семинарын өткіздi

04 сәуір, 2018

2018 жылдың 29 наурызындаАлматы қ. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалының Оқу орталығы (ҰЗМИ филиалы) «Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды берудің негізгі түрлері. Құқықтарды беру мен лицензиялық шарттар» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Лекторлар ретінде семинарға «ҰЗМИ» филиалының Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы В.П. Федурин «Шарт түрлері. Лицензиялық шарттар» тақырыбында, Алматы қ. Кедендік бақылау департаментінің жетекші маманы Д.Б. Турганбаева «Құқық иеленушілер құқықтарын қорғау үшін кедендік органдар атқаратын іс-шаралар» тақыбырында, сондай-ақ «NPV» ЖШС-ң бас директоры Т.М. Игашов «Зияткерлік меншік объектілерінің құнын бағалау» тақырыбында дәріс оқыды.

Тыңдаушылар семинар жұмысына белсенді қатысып, лекторларға көптеген сұрақтар қойды:

- зияткерлік меншік объектілерін беру;

- зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға құқықтарды уақытша беру;

- лицензиаттарға берілетін құқықтар;

- лицензиялық шарт талаптары;

- кедендік тізілімді жүргізу ережелері;

- құқықбұзышылықты анықтаған жағдайда құқық иеленушіге хабар беру мерзімі;

- лицензиялық шарт құнын анықтау тәсілдері;

- лицензия құнын бағалау бойынша бағалау жұмыстарына қажет құжаттардың тізімі.

Семинар соңында қатысушылар семинар ұйымдастырушыларына алғыс айтып, жемісті еңбек тіледі.