Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!

16 наурыз, 2020

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 16 наурызы мен 15 сәуірі аралығында «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» 2020 жылдың 15 наурыздағы Жарлығы негізінде Нұр-Сұлтан қаласында ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК офисіне жеке бару барысында өтінім берушілерге консультациялар беру тоқтатылады.

Консультациялар +7 7172 621 515, 621 516, 621 591 телефон номерлері арқылы, kazpatent@kazpatent.kz электрондық поштасы, сондай-ақ ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК ресми сайтының онлайн режиміндегі «Jivosite» бөлімі арқылы беріледі.

Сонымен қатар кіріс және шығыс хат-хабарлар сағат 10:00 ден 17:00 ге дейін ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК бірінші қабатындағы кеңсесінің сыртқы терезесі арқылы қабылданатындығын хабарлаймыз.