Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

KAZPATENT Оқу орталығы «Тұран» университетінің студенттеріне вебинар өткізді

14 қазан, 2020
2020 жылдың 14 қазанында KAZPATENT филиалының Оқу орталығы тауар таңбаларды тіркеуді насихаттау, сараптама өткізу сатыларын түсіндіру, халықаралық тіркеу процедурасы және зияткерлік меншік қорғауда құқық қолдану тәжірибесімен таныстыру мақсатында «Тұран» университетінің студенттеріне вебинар өткізді.
Университеттен іс-шараға қатысқан 44 адамға құттықтау сөзімен «Маркетинг және логистика» кафедрасының аға оқытушысы А. Қаирова шықты. Аталған вебинарда «Қазақстан Республикасында тауар таңбаларына берілген өтінімдерге сараптама жасау процедурасы» тақырыбында Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілерді талдаулық зерттеулер басқармасының аға сарапшысы А. Куренкеева баяндама жасады.