2020 жылдың 5, 6 қарашасында «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) студенттеріне арналған «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және сақтау» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар барысында өнертабыс пен пайдалы модель объектілеріне өтінім беру және оларға қатысты құқықтарды қорғау, өнеркәсіптік меншік объектілерінің патент қабілеттілігі, тауар таңбасына берілген өтінімді қарау және тауар таңбасын тіркеу, тауар таңбасының Мемлекеттік тізілімін жүргізу, авторлық құқық объектісіне куәлік алу мәселелері қарастырылды. Айта кету керек, қатысушылар авторлық құқық және сабақтас құқықтар тақырыбына үлкен қызығушылық танытты.
Вебинар жұмысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды белсенді түрде қойды. Вебинар диалог форматында өтті. Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, алдағы уақытта жемісті еңбек тіледі.