Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ПАТЕНТТІК УНИВЕРСИАДА «БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС»

20 қараша, 2020
Еуразиялық патенттік ұйымға - 25 жыл. Осыған орай Еуразиялық патенттік ведомствосы 18-25 жас аралығындағы жастар үшін «Болашаққа бағытталған көзқарас» универсиадасын өткізуде.⁣
⠀⁣
Қатысушылар ұсынылған тақырыптардың біріне сәйкес орыс немесе ағылшын тілдерінде 20 бетке дейін шығармашылық жұмыс жазуы керек:

  • «Мы – потомки Н. Теслы. Все законы природы в наших руках»;
  • «Мы – потомки Д. Менделеева. Нахимичим? Да! И продолжительность жизни увеличим!»;
  • «Мы – потомки Авиценны. Создаем шестой том «Канона врачебной науки»!»;
  • «Мы – потомки А. Гауди. Каков он, город завтрашнего дня?»;
  • «Всегда на связи – вместе учимся, вместе отдыхаем. Системы удаленного обучения и интерактивного досуга»;
  • «Социальная дистанция в социальных сетях – новые способы обеспечения безопасной коммуникации в современном мире»;
  • «Защита от вируса – враг не пройдет! Системы индивидуальной защиты врачей и пациентов от заражения»;
  • «Быстрее, выше, сильнее и … ближе! Инновационные тренажеры и системы для поддержания спортивной формы в условиях пандемии».
Шығармашылық жұмысқа ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін фотосуреттер, иллюстрациялар, суреттер, графиктер, сызбалар қажет болса, қоса берілуі мүмкін.⁣
Өз шығармашылық жұмысыңызды 2021 жылдың 28 ақпанына дейін көрсетілген мекенжай бойынша жіберіңіз: Ресей, 109012, Мәскеу, М.Черкасский тұйық көшесі, 2-үй, Еуразиялық патент басқармасы.

Универсиаданың нәтижелері 2021 жылдың 31 наурызына дейін жарияланады.

Универсиада туралы толық ақпарат ЕАПҰ сайтында мына сілтеме бойынша орналасқан: https://www.eapo.org/ru/index.php?newspress=view&d=1069