Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«Шапағат-2020» республикалық өнертапқыштар байқауының қорытындысы шығарылды

20 қараша, 2020

«Шапағат-2020» республикалық өнертапқыштар байқауының қорытындысы шығарылды.

Оған 2019 жылы берілген өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге берілген патенттердің құқық иеленушілері қатысты.

Байқауға қатысушылар өз өнертабыстары туралы бейнебаян түсіруі тиіс болды, ал жеңімпаздар смс-дауыс беру арқылы таңдалды.

Көрермендердің пікірі бойынша үздік ондыққа келесілер кірді:

1. Садыков Айдос және оның спорттық ойынға арналған құрылғы жасау тәсілі;

2. Аппазов Нұрбол және оның күріш қауызы мен мұнай шламынан белсендірілген көмір алу тәсілі;

3. Сулейменов Серик және оның су қозғалтқышы;

4. Билялова Айнагуль, Мануковский Анатолий, Орёл Даниил, Сарсикеев Куаныш, Пархомчук Алина және олардың күн орналасу датчигі;

5. Кизатова Майгуль және оның асқабақтан тағамдық пектин сығындысын алу тәсілі;

6. Альжанов Бауржан және оның қоға собықтарының үлпілдектері негізінде мұнай және мұнай өнімдерінің сорбенті;

7. Тимурбекова Айгуль және оның дәстүрлі емес шикізаттан макарон өнімдері (нұсқалары) және оларды өндіру тәсілі;

8. Амирханова Акерке және оның тықыр кекіре шөбінен (Oxytropis glabra Lam.DC.) көмірқышқылды экстракт алу тәсілі;

9. Жерноклев Сергей және оның қатты отынды жағуға арналған бір реттік құрылғы;

10. Рысқали Райгүл және оның еден жуатын құралы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Сіздің жетістіктеріңіз көптеген адамдарды шабыттандырады және ынталандырады, сондықтан мұнымен тоқтап қалмаңыз!

Қорытындыhttps://shapagat.kazpatent.kz/kk/contest байқау алаңында жарияланды