Ұлттық зияткерлік меншік институты
2021 жылғы 12 қаңтарда Женевада Қазақстан Республикасының Еуразиялық патенттік конвенцияға Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ратификациялау туралы құжатты Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Бас директоры Дарен Тангқа сақтауға тапсыру рәсімі өтті.
Ратификациялық құжатты Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова табыс етті.
Ратификациялау туралы Құралды табыстау Еуразиялық патенттік ұйымның Еуразиялық патенттік ведомствосының президенті Сауле Тлеулесованың қатысуымен өтті.
Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттама ратификациялық құжатты депозитарийге бергеннен кейін үш айдан соң күшіне енеді.
Женева қаласындағы БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова және ДЗМҰ Бас директоры Дарен Танг | Женева қаласындағы БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова және Еуразиялық патенттік ведомствосының президенті Сауле Тлеулесова |